Мәжіліс Бортниктің Жоғары аудиторлық палатадағы өкілеттігін ресми түрде тоқтатты

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Мәжіліс Бортниктің Жоғары аудиторлық палатадағы өкілеттігін ресми түрде тоқтатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Михаил Михайлович Бортниктің өкілеттігі 2024 жылғы 7 қарашадан бастап мерзімінен бұрын тоқтатылсын», - делінген сәрсенбідегі мәжіліс қаулысында.

Бортник 2022 жылдың қарашасынан бастап ЖАП мүшесі болған еді. 7 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев оны Орталық сайлау комиссиясының мүшесі етіп тағайындады.

adimage