Мәжіліс депутаттарының бірінші күні заңды бұзумен басталды – заңгер

Астана. 29 наурыз. ҚазТАГ – Заңгер Ақбөпе Әбілқасымова мәжіліс депутаттарының бірінші күні заңды бұзумен басталғанын айтты.
«Депуттардың бірінші жұмыс күні заңды бұзумен басталған ба? Неге бәрі үнсіз? Парламенттің заң қызметі қайда? Заңгерлер қайда депутаттар?» – деп жазған Әбілқасымова Telegram-каналында.
Заңгер атап өткендей, «Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы» заңның 24 бабы 1 тармағында былай делінген:
«Парламент депутатының өкілеттігі оны Республиканың Орталық сайлау комиссиясы Парламент депутаты ретінде тіркеген кезден басталады. Депутаттар Қазақстан халқына мынадай ант береді: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін". Ант қабылдауды Президент өзі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады».
Сондай-ақ «Президент туралы заңның» 9 бабы 4 тармағында келесідей жазылған: «ҚР президенті парламент депутаттарынан Қазақстан халқына антын қабылдайды».
Бұл ретте, депутаттардан ант қабылдау шарасы 29 наурызда VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясынан кейін Орталық сайлау комиссиясының басшысы Нұрлан Әбдіровтың төрағалығымен өтті.

adimage