Мәжіліс вице-премьер қызметіне Қасымбектің кандидатурасын келісті

Күні: 18:20, 25-02-2019.

Астана. 25 ақпан. ҚазТАГ – Мәжіліс вице-премьер қызметіне Қасымбектің кандидатурасын келісті, деп хабарлады парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметінен.
«Бүгін экономикалық реформа және өңірлік даму жөніндегі мәжіліс комитетінің отырысы болды, отырыста премьер-министрдің орынбасары қызметіне Жеңіс Қасымбекті тағайындау келісілді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, оның кандидатурасын премьер кеңсесінің басшысы Нұрлан Алдаберген таныстырған
«Касымбектің үкімет жұмысының стратегиялық бағыттарында шешім қабылдауға құзыреті жеткілікті», - деп мәлімдеді Алдабергенов.
Нәтижесінде аталмыш кандидатураны вице-премьер қызметіне тағайындау үшін ұсынуға болады деп шешті.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қасымбек 2018 жылдың желтоқсанынан бастап министрлер кабинеті отставкаға кеткенге дейін индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған еді. Ал оның алдында 2016 жылдың маусымынан бастап 2018 жылдың желтоқсанына дейін инвестиция және даму министрлігін басқарған.


Жаңалықтармен бөлісу: