Мәжілісмен Каспий акваториясында ҒЗИ ашу керек деп есептейді

Ақтау. 26 тамыз. ҚазТАГ – Мәжілісмен Каспий су айдынында ғылыми-зерттеу институтын ( ҒЗИ) ашуды ұсынып отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
«Мен бұрыннан Каспийде ҒЗИ ашуды ұсынып келемін, біздің акватория мен биожүйеге мониторингі жасап отыру үшін. Мен бұл мәселемен премьер-министргі кірмекшімін», - деді ҚР парлдамент мәжілісінің депутаты Серік Оспанов Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапарында.  
Мәжілісменнің айтуынша, экология министрлігін жоюмен 2014 жылы осы мәселе бойынша келіссөздер тығырыққа тірелді. Қазір Каспий экологиясымен ауыл шаруашылығы министрлігі айналысады. Олар маусымдарда мемлекеттік тапсырыс арқылы Касппий теңізінің акваториясы бойынша  өлшеулер жүргізеді (биоорганизмдердің барлығына, органикалық және бейорганикалық заттарға), инвестиция және даму бойынша министрлігінің экология бөлімі мен энергетика министрлігінің осындай ведомствосы айналысады.  
«облыста сондай-ақ табиғатты пайдалану басқармасы бар, зертхана бар, онда ауа мен су сынамалары алынады. Осылардың барлығын алу керек (барлық ведомстводағы мәліметтерді – ҚазТАГ), сөйтіп динамикасында тексеру керек», - деп есептейді С. Оспанов.
«Өкінішке қарай соңғы мәліметтер көрсетіп отырғандай, жыл сайын экологиялық ахуал нашарлап келеді. Балық азаюда, оның себебі - браконьерлік және техникалық себептер.
Ол деректерді үкімет назарға алуы керек. Биоәркелкілікті сақтау және экологиялық проблемаларды шешу Маңғыстау үшін үлкен мәнге ие», - деп қадап айтты ол.
Оның пікірінше, ҒЗИ Ақтауда орналасуы керек және мәліметтерді жинап талдаған соң, қажет болса, үкімет пен облыс әкімшілігіне хабар беруі керек.

adimage