Мәжілісмен Ұлттық банк басшысынан теңге девальвациясы туралы қазақстандықтарды ертерек құлақтандыруды сұрады

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Оксана Скибан. ҚР парламент мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров ұлттық валюта бағамын өзгерісін заңнамалық тұрғыдан реттеуді, сондай-ақ теңге девальвациясы туралы алдын ала құлақтандыруды ұсынды.
«Ұлттық валюта бағамының өзгеруі тек кәсіпорындардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар халықтың әл-ауқатына, оның жинап-тергені мен зейнетақы жинағына әсер ете отырып, өзімен бірге салмақты әлеуметтік-экономикалық салдарын ала келеді. Бір мезеттік девальвация жекелей алғанда экономиканың кейбір салаларына позитивті ықпалын тигізеді, қалған салалар мен қара халық олардың мүддесінің кепіл тұтқыны болмауы тиіс», - деді А. Қоңыров сәрсенбі күні ҚР премьер-министрі мен ҚР Ұлттық банкінің басшысына жолдаған сұрауында.
Ол ұлттық валюта бағамын бір сәттік айтарлық өзгерту туралы шешімді айқын орнатылған құқықтық рәсімдерден тыс қабылдау жарамайтынын алға тартты. Мәжілісменнің есептеуінше, қойылған мәселе «өзінің құқықтық реттеуін» табуы тиіс.
«Ұлттық банк туралы, зейнетақылық қамтамасыз ету туралы, банкі мен банкілік қызмет туралы, мемлекеттік жинақтаушы жүйе туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар дайындауды сұраймыз, олар келесідей нәрселерді қарастырса екен: ұлттық валюта бағамының бір жолғы өзгеруін жүргізу негіздемесін регламенттеу, ұлттық валюта бағамына бір жолғы түзету жүргізуге арналған шекті рұқсат етілген шаманы орнату және халық пен нарық қатысушыларын хабардар ету тәртібі, сондай-ақ ұлттық ваюта бағамын бір жолғы төмендету нәтижесінде ұлттық валютадағы ұзақмерзімдік банкілік салымдары, зейнетақы жинақтары мен білім беру, жинақтаушы салымдары бойынша шығындардың орнын толтыруға жәрдемдесу шараларын анықтау», - деп санамалап берді депутат.
А. қоңыровтың ойынша, көрсетілген мәселелердің заңнамалық түрде реттелуі азаматтар мен кәсіпкерлердің құқығын қорғауға, ұлттық валютаға, зейнетақылық және банкілік жүйеге деген сенімді арттыруға, мемлекеттің болжалды ақшалай-несиелік саясатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
«Ұлттық валютаға деген сенімді арттыру бойынша қабылданған шараларға, соның ішінде салымдар бойынша сыйақылар мөлшерлемесін өзгертуге қарамастан, теңгемен сақталған ақша деңгейі өте-мөте төмен күйінде қалып отыр. Мәселен, шетелдік валютадағы депозиттердің жалпы үлесі 45%-дан асады, ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 55%. Ел халқының өз жинаған ақшаларын шетелдік мемлекеттік валюталарында сақтауға ұмтылу дерегі алаң туғызатын дабыл болып табылады», - деп уайым шегеді мәжілісмен.
Ол түсіндіріп өткендей, мұнай бағасы мен ресейлік рубль бағамының төмендеуімен байланысты ағымдағы жағдай теңгеге қосымша қысым көрсетіп отыр.
«Ұлттық валюта бағамының тұрақтылығы туралы ресми мәлімдемелерге қарамастан, халық пен бизнестің алаңдаушылығы артып келеді. Бұл, бәрінен бұрын, бағамдық саясаттың нақты да, айқын құқықтық негізінің жоқтығымен байланысты», - дейді депутат.
«ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР іс басындағы заңында оның мемлекеттік ақшалай-несиелік саясатты анықтайтын және жүзеге асыратын жалғыз орган болып табылатыны көрсетілген. Мұнымен қатар заң іс жүзінде тек бір ғана құралды қарастырады – валюталық басқыншылықтар. Сонымен бірге олардың жүзеге асырылу тетігі ешқалай регламенттелмеген, теңгенің қандай да бір айырбас бағамын қолдауға арналған негіздеме де солай.Біз Ұлттық банк өкілетті орган ретінде нарықтық өзгерістерге жедел арада әрекет ету үшін бағамдық саясат жүргізу кезінде икемділіктің белгілі бір санатына ие болуы тиіс екенін еске саламыз», - деп қорытты А. Қоңыров.

adimage