Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың ұсталғанын «Антикор» растады

  Астана.7 маусым.ҚазТАГ- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәжілістің бұрынғы депутаты Нұржан Әлтаевтың аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз. Тергеу мүддесіне және Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына қатысты өзге мәлімет жарияланбайды", - деді сәрсенбі күні Антикор өкілдері ҚазТАГ сұрауына жауап бере отырып.

adimage