Мәжит Шәріпов "Қазатомөнеркәсіп" басшысы қызметінен кетеді

   Астана. 1 шілде. ҚазТАГ – Мәжит Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетеді, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
  "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" АҚ Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов компанияның басқарма төрағасы - директорлар кеңесінің мүшесі қызметінен 2022 жылдың 4 шілдесінен бастап өз еркімен кететіні туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.
  Шәріпов бұл қызметті 2021 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
  «Компанияның Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіп басқарма төрағасы қызметіне кандидатураны іріктеу кезеңінде өндіріс жөніндегі бас директор Ержан Жанәбілұлы Мұқанов басқарма төрағасының міндетін атқарады», - деп толықтырды ұлттық атом компаниясы.

adimage