Мағауов Қазақстан энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 1 сәуір. ҚазТАГ – Әсет Мағауов Қазақстан энергетика вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Әсет Маратұлы Мағауов ҚР энергетика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Б. Ақшолақов берілген өтінішіне сәйкес лауазымынан босатылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Мағауов соңғы жылдары KAZENERGY қауымдастығының бас директоры лауазымын атқарған. 

adimage