Маңғысату облысының 3 колледжінде қытай тілін оқытады

Күні: 18:51, 18-10-2014.

Ақтау. 18 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының 3 колледжінде қытай тілін оқытады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маңғыстау облысында осы өңірде жұмыс жасайтын қытайлық компаниялардың санының артуы себепті облыстағы кәсіби-техникалық колледждерде қытай тілін оқыту басталды. Өңірдегі үш колледжде – туризм колледжінде, гуманитарлық және политехникалық колледждерде студенттер қытай тілін үйрене алады», - деді сенбі күні облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетова.
Бүгінге Маңғыстау облысында 24 колледж жұмыс жасайды, оның ішінде 14-і мемлекеттік оқу орны. Оларда 26 мың студент оқыса, олардың жартысы мемлекеттік тапсырыспен оқиды. Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, соңғы 3 жылда мемлекеттік тапсырыс 2 есеге артты.
«Бүгіндері кадр дайындау 115 мамандық бойынша жүргізіледі, олардың жартысынан астамы - 53%-дайы - техникалық мамандықтар бойынша. Өндірістік емес сала мамандарын дайындау бәсеңсіп келеді. Мамандықтар тізімін біз жыл сайын өңірдің еңбек нарығының сұранысын ескере отырып қайта дайындап отырамыз», - деді Ш.Ильмуханбетова.
Оның айтуынша, 16 колледжде 19 мамандық бойынша дуальдық оқу енгізілген.
«Соңғы үш жылда колледж түлектерін жұмысқа орналастыру көрсеткіші 73% өсті. Бұдан үш жыл бұрын ол барлығы 59% болған», -  деді Ш.Ильмуханбетова.


Жаңалықтармен бөлісу: