Маңғыстау археологтары Кетікқала қалашығында табылған монеталар Еділ бойында шығарылған деп отыр

Күні: 17:24, 18-11-2014.

Ақтау. 18 қараша. ҚазТАГ – Кетікқала қалашығында табылған монеталар Еділ бойында шығарылған, дейді маңғыстаулық археологтар.
Ғалымдардың айтуынша, ортағасырлық Кетікқала қалашығында (қазіргі Форт-Шевченко аумағында) көне монеталарды шығарған орын Еділдегі алтынорталық орталықтар болып табылады.
«Бұл дерек Түпқараған мен Еділ арасында теңіз-кемелік қатынас болғанын айтып тұр. Одан басқа, ортағасырлық елді мекенде Иран мен Әзербайжан монеталары мен керамикалары табылды. Сөйтіп, Баутин шығанағы Еділ жағалауымен ғана байланыстырып отырған теңіз порты емес, сонымен қатар Әзербайжанмен, Хорезм, Дағыстан және Иранмен де байланыстырған сауда порты болған», - деді археолог Андрей Астафьев сейсенбі күні.
Бұл ретте, археологтардың айтуынша, Баутин шығанағы XIV ғасырда, Алтын Орда заманында теңіз сауда жолы болыпты.


Жаңалықтармен бөлісу: