Маңғыстау өңірінде 27 қыркүйекте автокөлік тас жолы жабылады

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ - Маңғыстау өңірінде 27 қыркүйекте автокөлік тас жолы жабылады, деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.  
«Батыс-2018» командалық-штабтық оқу-жаттығуларын өткізуге байланысты 27 қыркүйекте сағат 10.00-12.00 дейін Ақтау-Оймаша-Құрық (63 км) көлік жолындағы жол қозғалысы толығымен жабылады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.  

adimage