Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Күні: 15:51, 28-06-2019.

Алматы. 28 маусым. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, облыс әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Қаныбек Жұмашев тағайындалды», - делінген жұмадағы хабарда
49 жасар Жұмашев 2010-2012 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары «Нұр Отан» партиясының Маңғыстау облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2015 жылдары «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты жетекшісінің орынбасары, кейін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасарының кеңесшісі.
2015 жылдың қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Nur Otan» партиясының Хатшысы қызметін атқарып келді.


Жаңалықтармен бөлісу: