Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасары 10 жылға сотталды

Күні: 14:59, 27-08-2019.

Алматы. 27 тамыз. ҚазТАГ - Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Аманғалиев 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды «ИнАктау».
«27 тамызда Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиевке пара алды деген айыппен үкім шығарды. Соттың шешімімен ҚР ҚК 366 б. 4-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) Серік Аманғалиевке 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қауіпсіздіг ең төмен колониясында өтейтіндей етіп, сондай-ақ өмір бойына мемлекеттік қызмет атқаруға, мемлекеттік органдарда және мемлекет қатысатын компанияларда, екінші деңгейлі банктерде жұмыс істеу құқығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарламада.
Сот мүлкін тәркілеу тағайындалмағандығы атап өтілді.
Аманғалиев те «Құрмет» мемлекеттік сыйлығынан айырылған.
Еске салайық, Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Серік Аманғалиев 2018 жылдың 3 қарашасында сағат 18.40-та Ақтау халықаралық әуежайы аумағында ұсталған, ондан жалпы сомасы 115 000 еуро қаражат табылған және тәркіленген. 5 қарашадағы сот санкциясында «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Кейінірек Ұлттық бюро түсіндіргендей, 115 мың еуро МЖӘ аясында жүзеге асырылатын Т4,5 миллиардтық инвестициялық жобаны жалпы қамқорлығына алу үшін чех құрылыс компаниясының өкілінен 400 мың еуро көлеміндегі келісілген параның бір бөлігі ғана. Ақтау қаласында құрылысы жоспарланған Мұз сарайы туралы айтып отырмыз.
Аманғалиевтің ҚР ҚК 366-бабы, 4-бөлігі бойынша (пара алу) қылмыс жасағаны үшін сот процесі 2019 жылдың 19 шілдесінде басталды, 22 тамызда ол сотта өзінің соңғы сөзін айтты.
Аманғалиев 2017 жылғы 4 желтоқсаннан 2018 жылғы қарашаға дейін Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді.


Жаңалықтармен бөлісу: