Маңғыстау облысы әкімінің экс-орынбасарын қамақта ұстау мерзімі 24 ақпанға дейін ұзартылды

Күні: 15:16, 12-02-2019.

Алматы. 12 ақпан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Аманғалиевті қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Lada.kz.
«Маңғыстау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Серік Аманғалиевті қамауда ұстау мерзімі 2019 жылдың 24 ақпанына дейін ұзартылды. Тергеу жалғасуда», - делінген жарияланымда.
Еске салсақ, 2018 жылдың 6 қарашасында С.Аманғалиев екі айға қамауға алынған еді. Ол 3 қараша күні Ақтау халықаралық әуежайы аумағында ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметкерлерінің айтуынша, С.Аманғалиевтен жалпы сомасы 115 мың еуро ақшалай қаражат табылып, тәркіленген. Сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 366 бабы 3 бөлімі бойынша (пара алу) жүргізілуде.
7 қарашада белгілі болғандай, С.Аманғалиевке инвестициялық жоба бойынша 4,5 млрд теңгеге қолдау көрсеткен деген күдік келтірілуде.


Жаңалықтармен бөлісу: