Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Маңғыстау облысы әкімінің өкіміне сәйкес Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып Бақытжан Качаков тағайындалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
37-жасар Бақытжан Качаков Еңбек жолын 2003 жылы «Компания Терра Холдинг ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қаржы мәселелері жөніндегі директордың орынбасары қызметінен бастаған. 2007-2012 жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық басқармасында салық инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, кейіннен ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінде сарапшы, бас сарапшы болып қызмет атқарды. 2012-2013 жылдар аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің Тұрғын үй құрылыс департаментінің Басқарма бастығы, кейін 2013-2014 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігінде Басқарма басшысы лауазымын атқарды. 2015-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінде Басқарма басшысы болды. Соңғы қызметі ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Комитет Төрағасының орынбасары лауазымын атқарды.

adimage