Маңғыстау облысы мен Иран арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ақтау. 24 шілде. ҚазТАГ  Маңғыстау облысы мен Иран арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Ақтауда «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Мазандаран провинциясының сауда, өнеркәсіп, шахта және ауыл шаруашылығы палатасының арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев хабарлағандай, қазақстандық өңір мен Иран арасындағы тауар айналым осы жылдың 5 айында $11,4 млн-ды құрады. Өңірде осының өзінде ирандық кәсіпкерлердің қатысуымен тамақ өнеркәсібі, сауда, көлік және басқа қызмет салаларындағы 15 кәсіпорын әрекет етеді. Бұл сан алдағы уақытта бірнеше мәрте ұлғаяды деп жоспарлануда. 2014 жылда Маңғыстау облысының ИИР-мен ішкі тауар айналымы $35,7 млн-ды құрады.
Сондай-ақ әкім Маңғыстау облысы мен Иранның арасында «Ақтау теңіз айлағы» арнайы экономикалық аймағы, Хадже Нафас айлағы мен «Анзали айлағы» еркін экономикалық және өнеркәсіптік аймағы арасындағы қызметтестік туралы келісім әрекет ететінін еске салды.
«Ақтауда Иран консулдығы ашылып, жұмыс жасауда. Ол экономикалық және мәдени байланыстарды орнату бағытында белсенді жұмыс атқаруда», - деді әкім.  
Одан басқа, Мазандаран провинциясының губернаторы Рабие Фаллах Джелоудор Иран бұдан ары да көлік инфрақұрылымын дамытпақшы жоспары барлығын мәлім етті.
«Ынтымақтастық қарқынын арттыру үшін біз жолаушыларды Сари портынан Ақтауға тасымалдауды жөнге келтіруіміз керек. Біздің Маңғыстау облысына сапарымыз жемісті болды, келіссөздер жүргізілді. Біз екі облыстық әлеуетін жақсы білеміз және ауыл шаруашылығы саласында, портты қайта құруға, туризм мен көлік саласында ынтымақтасуға дайынбыз. Бірнеше жыл бұрын бізде СВОП – жыл сайын 5 млн тонна мұнай сату сұлбасы болатын. Біз сол көлемді қайта қалпына келтіреміз деп сенеміз», - деді Р. Джелоудор.
Шілденің 21-24 аралығында Ақтауда Иран өндірушілерінің көрмесі болып өтті. Көрме аясында екі елдің кәсіпкерлерінің бизнес-форумы да өтті.

adimage