Маңғыстау облысына 2015 жылдың бірінші жартысында 273 мың шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді

Ақтау. 15 шілде. ҚазТАГ  Маңғыстау облысында осы жылдың 6 айында 273 мың шаршы м тұрғын үй пайдалануға берілді, деп хабарлады облыстық құрылыс басқармасының басшысы Орақ Аяпов.
«2015 жылы жалпы 500 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызу жоспарлануда, соның ішінде 1080 шаршы метр жалдамалы тұрғын үй  Маңғыстау ауданында, 66 992 шаршы метр несиелік тұрғын үй  Ақтауда. 32а ықшам ауданында 5580 шаршы метр салынды  120 пәтерлік 2 тұрғын үй жас жанұяларға арналған. 426 348 шаршы метр коммерциялық және жеке тұрғын үй пайдалануға берілетін болады», - деп хабарлады О. Аяпов сәрсенбіде.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы әлеуметтік сала нысандарының құрылысына Т9,571 млрд бөлінген. 2014 жылы басталғандардың аяқталуына және жаңа білім нысандары құрылысының басталуына Т7,144 млрд бағытталды.
«2014 жылы 6 орта мектептің, мектепке дейінгі 15 балалар мекемесі мен басқа да білім беру нысандарының құрылысына 5 млрд 850 млн теңге бөлінген болатын. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бүкіл қаражат игерілген, 2360 орындық 3 жалпы білім беретін орын және 780 орындық 4 балабақша пайдалануға берілді. Биыл 2448 орындық 3 орта мектеп және 2750 орындық мектепке дейінгі 13 балалар мекемесін пайдалануға беру жоспарланып отыр», - деп толықтырды О. Аяпов.  
Оның мәліметінше, Маңғыстау облысындағы денсаулық сақтау нысандарының құрылысына 2014 жылы Т585,933 млн бөлінген. Олардың ішінде республикалық бюджеттің Т385 млн-ы Ақтауда 150 төсек-орынға шақталған өңірлік ана мен баланы қорғау орталығына бағытталды және жергілікті бюджеттің Т200 млн-ы  7 дәрігерлік амбулатория, 1 фельдшерлік-акушерлік бекет құрылысының басталуына.
Бұл нысандардың одан әрі қарайғы салынуына 2015 жылы Т1,675 млрд қарастырылған.
«Жеті дәрігерлік амбулатория мен 1 фельдшерлік-акушерлік бекет пайдалануға берілді. Өңірлік ана мен баланы қорғау орталығының құрылысы келесі жылы жалғасатын болады», - дегенді қоса айтты О. Аяпов.
Бұдан бөлек, 5 мәдениет және спорт нысанының құрылысына жергілікті бюджеттен Т751,775 млн бөлінген.

adimage