Маңғыстау облысында 170 дәрігер жетіспейді - әкім

Күні: 14:34, 14-11-2014.

Астана. 14 қараша. ҚазТАГ - Данияр Дәуітәлиев. Маңғыстау облысында 170 дәрігер жетіспейді, деп мәлім етті облыс әкімі Алик Айдарбаев.
«Бізге (Маңғыстау облысына – ҚазТАГ) 170 дәрігер керек», - деді А. Айдарбаев жұма күнгі брифингте.  
Облыс әкімі мойындағандай, өңірде үнемі денсаулық сақтау және білім беру саласында кадрлар жетіспейді екен.
«Ол біздің өңірде дәрігер мен мұғалімдерге мұнайшыларға қарағанда сұраныс аздығынан болған. Мұнайшылардың жалақылары бюджеттік сала  қызметкерлеріне қарағанда әлдеқайда үлкен ғой», - деді А. Айдарбаев.
Оның айтуынша, проблеманы шешу үшін жыл сайын осы саладағы мамандарды дайындауға гранттар бөлініп отырады.


Жаңалықтармен бөлісу: