Маңғыстау облысында 2015 жылдан бастап 2-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда

Күні: 15:14, 14-10-2014.

Ақтау. 14 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысының әкімшілігінде 2015 жылдан бастап 2-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
«Биыл бірінші сынып оқушылары мен тұрмысы төмен отбасыларының оқушылары тегін және жеңілдікпен тамақпен қамтамасыз етілген. 2015 жылдан бастап жергілікті бюджет есебінен 2-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді Маңғыстау облысының әкім орынбасары Шолпан Илммұхамбетова ҚР премьер-министр орынбасары Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен өткен отырыс қорытындысында.  
Әкім орынбасарының айтуынша, соңғы 3 жылда облыстың жалпыбілім мектебтері үшін химия пәнінің 58 кабинеті мен 25 лингофондық-мультимедиялық кабинеттер сатып алынған. Кең жолақты интернет желісіне мектептердің 94%-ы қосылған.
Облыстағы 45 білім мекемелерінде электрондық оқудың жүйесі енгізілген, ал 2014 жыл соңына дейін тағы 21 мектепті қосу жоспарлануда. Интерактивті тақталармен мектептерді қамтамасыз ету 90% құрайды.
«Бүгіндері ауыл мектептерінде бір компьютерге 16 оқушыдан келеді, қалалықтарда – 25 оқушыдан. Жергілікті бюджет есебінен 2013-2014 жылдары Т500 млн сомаға 24 компьютерлік класс сатып алынды. 2015 жылбасына қалған жабдықтарды сатып алу жоспарда. Сөйтіп, біз осы екі жылда барлық мектеп сыныптарындағы компьютерлерді жаңарттық», - деді Шолпан Илммұхамбетова.
Әкімшілік мәліметтерінше, биыл мектептер толығымен оқулықтармен жабдықталған. Биыл оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алуға Т396 млн қаражат бөлінген. Шолпан Илммұхамбетованың айтуынша, оқушылар қауіпсіздігі мақсатында 218 мектепте бейнебақылау орнатылған. Ақтау мектептерінде пилоттық режимде турникеттер орнатылған.
Жалпы алғанда биыл облыстық бюджет былтырғыға қарағанда Т4 млрд-қа артып, Т41,7 млрд болды.


Жаңалықтармен бөлісу: