Маңғыстау облысында 2015 жылы білімге кеткен шығын Т51,2 млрд болды

Ақтау. 21 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында 2015 жылы білімге кеткен шығын Т51,2 млрд болды, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Сүйіндік Алдашев.
«2015 жылы Маңғысату облысының білім саласының бюджеті 27% артып, 51,2 млрд теңге болды. Облыста үш аусым пролемасы шешілуде: Мұнайлы ауданында 1200 орындық мектеп құрылысы аяқталып келеді, Түпқараған ауданында 200 орындық интернаты бар 550 орындық мектеп құрылысы жалғасуда», - деді С. Алдашев өңірлік педагогтардың жыл сайынғы тамыз конференциясында.
Оның мәліметтерінше, 2015-2016 жылдары Жаңаөзенде мамандандырылған қазақ-түлік лицейін, Ақтауда химико-биологиялық бағыттағы зияткерлік мектепті пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Қарақияқ ауданында апаттық жағдайдағы екі мектепті қайта жөндеу жүргізілуде.
Одан басқа, С. Алдашев оқушылардың қосымша білім алуы мен олардың бос уақытын ұйымдастыру маңыздылығын атап өтті.
«...Біздің алдымызда екі міндет тұр: ол - қосымша білім беру арқылы оқушылардың өміртанымдық көзқарасын кеңейту және жасампаздықпен ойлай алатын тұлғаларды тәрбиелеу. Бос уақыты дұрыс ұйымдастырылмаған балалар мен жасөспірімдер әр түрлі діни ағымдардың ықпалына берілуі мүмкін», - деді әкім орынбасары.  
Ол қала және аудан әкімдеріне қосымша білім беру желілерін, оқушылардың шығармашылық үйлерін, мектеп оқушыларының сарайларын, спорт клубтары мен секцияларын кеңейтуді тапсырды.  

adimage