Маңғыстау облысында 7 балабақша құрылысы жыл соңына дейін аяқталады

Актау. 15 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында 7 балабақша құрылысы жыл соңына дейін аяқталады, деп мәлім етті облыс әкімінің орынбасары Шолпан Ильмуханбетова.
«Биыл бюджет қаражатының есебінен 14 балабақша салынады, оның ішінде 5 бақша республикалық бюджет есебінен. 7 балабақша құрылысы биыл аяқталады», - деді сәрсенбі күні Ш. Ильмуханбетова.
Оның айтуынша, қалған балабақшаларды Ақтау мен Мұнайлы аудандарында салу жоспарлануда. Оның айтуынша, Маңғыстау облысы бойынша  1 қазанға мектепке дейінгі мекемелерге орын алуға кезекте 12 мың жастары 3-6 аралығындағы балалар тұр. Өңірде мектепке дейінгі тәрбиемен қамту  82%-ды құрайды.
Сондай-ақ Ш. Ильмуханбетованың айтуынша, апаттық мектептерді жою бағдарламасы аясында республикалық бюджет есебінен биыл 200 орындық мектеп құрылысы аяқталып, әр қайсысы 624 орындық екі мектеп құрылысы басталыпты. Сөйтіп, облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, келесі жылы өңірдегі барлық апаттық мектептер жойылады.
«2015 жылы біз үш аусымдың білім беру мәселесін толығымен шешпекшіміз. Биыл біз Түпқараған ауданында мектепті тапсырамыз. Форт-Шевченкода 550 орындық мектеп құрылысы басталды, Мұнайлы ауданында 1200 орындық, ал 2015 жылы Бейнеуде 900 орындық мектеп құрылысын салу жоспарда», - деді Ш. Ильмуханбетова.
Еске салсақ, Қазақстан президенті Н. Назарбаев өңірге жасаған жұмыс сапары барысында биылғы 1 қазанда Маңғыстау облысында мектепке дейінгі білім берудің көрсеткішінің тым төмендігіне көңіл бөлген. Атап айтқанда, ол балабақшаларға кезекте тұрғандардың санының 12 мың екендігі ел бойынша ең нашар көрсеткіш деп атап өткенді.
«Бұл ретте облыс басқа өңірлер мен басқа елдерден халық ағылып келіп жатқан республика бойынша көшбасындағы облыс болып табылады», - деді мемлекет басшысы.

adimage