Маңғыстау облысында балабақша аумағында газ-ауа қоспасының жарылысы орын алды

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында балабақша аумағында газ-ауа қоспасы жарылды, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«15 қазанда сағат 20.00-де Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылында «Балапан» жеке балабақшасының аумағында бөлек тұрған қазандықта бу-ауа қоспасының жарылысы орын алды, нәтижесінде қабырға мен шатыры құлады, зақым келтірілген аумақ 6 ш.м. құрады», - деп хабарлады ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов сәрсенбіде.
Ол атап өткендей, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
«Жағдайдың мән-жайы анықталуда», - деді Нұрахметов.

adimage