Маңғыстау облысында балық инспекциясын техникалық жабдықтаудың жетіспеушілігі туралы айтты

Күні: 11:37, 11-04-2019.

Ақтау. 11 сәуір. ҚазТАГ - Маңғыстау облысында балық инспекциясын техникалық жабдықтаудың жетіспеушілігі туралы айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Норма бойынша 16 көлік керек, ал нақты тек жетеуі ғана жұмыс жасап тұр. Тоғыз жүзетін құралдың тек екеуі ғана бар. Әлбетте, бізге бұл жеткіліксіз. Оның үстіне балықты қорғау шараларына барғанда инспекторлардың байланыс құралдары жоқ», - деді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Адизал Шихметов.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда Бұзашы түбегіндегі балық шаруашылығы бөлімінде және Түпқараған ауданында 13 инспектор жұмыс жасап жатыр.
Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінде білетінін, алайда әлі күнге дейін оны шешуге ешқандай шешімнің қабылданбағанын айтады. Десек те, балық инскциясының қызметкерлері табиғатты қорғау шараларын жүргізуде.


Жаңалықтармен бөлісу: