Маңғыстау облысында бейіндік оқуларға жіберілгенде жұмыс берушілердің қажеттіктері ескерілмейді

Күні: 13:00, 14-10-2014.

Ақтау. 14 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мембағдарламасының үшінші бағытымен оқудан өтіп келгендердің жұмысқа орналасу пайызы өте төмен екендігі байқалады, деді ҚР денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау вице-министрі Дәулет Арғындықов, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бағдарламаның («Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» - ҚазТАГ) үшінші бағыты бойынша Маңғыстау облысында оқуды бітіргендердің жұмысқа орналасу пайызы өте аз - 17,4%. Бұл ретте ол көрсеткіш  Маңғыстау ауданында - 4,4%, Бейнеу ауданында – 5%, ал Ақтауда - 9%. Бұл, оқуға жіберілгенде жұмыс берушінің қажеттілігі мүлдем ескерілмейді, деген сөз», - деді вице-министр өңірге жасаған жұмыс сапары барысында.
Оның айтуынша облыста жастардың жұмысыздығы артуда.
«Одан басқа, жастардың жұмыссыздығы артуда, екінші тоқсан қорытындысы бойынша ол 6,7%, ал ел бойынша ол - 4,6%», - деді Д. Арғындықов.
Оның айтуынша, өңірлер арасында 28-ге дейінгі әйелдер арасында жұмыссыздықтың ең көбі Маңғыстау облысында - 10,6%, «ол республикалық орташа көрсеткіштен екі есеге артық». 2014 жылғы ІІ тоқсанда ол 0,8%-ға артыпты.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының екінші бағытында қарастырылған кәсіпкерліктің негізіне оқыту жоспары орындалды, шағын несиелендіруге бөлінген қаражат игерілді. Осы бағытқа облыста Т200 млн бөлінген.  
Д. Арғындықовтың айтуынша, қаржыландыру көлемін арттыру керек.
«Облыста барлығы 91 шағын несие бөлінген», - деді вице-министр.


Жаңалықтармен бөлісу: