Маңғыстау облысында бірден 11 монополист әкімшілік жауапқа тартылды

Күні: 18:04, 03-07-2019.

Астана. 3 шілде. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында бірден 11 монополист әкімшілік жауапқа тартылған, деп хабарлады ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияны реттеу, бәсекелестік және тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметінен.
«Маңғыстау облысы бойынша ТМРБжТҚҚ департаменті ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заң талаптарын бұзғаны үшін Т8 млн астам сомаға 11 табиғи монополия субъектісін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Атап айтсақ, «Тұрмыс-Сервис» МҚК, «Бейнеуэнергосервис» МҚК, «Бейнеусусервис» МҚК, «Дария» МҚК, «Ақтау Арна» ЖШС, «Ақтау Жылу Сервис» ЖШС, «Каспий технолоджи» ЖШС, «Sayat Company» ЖШС, «Қазсушаруашылығы» ЖШС, «Маңғыстаулық жол-құрылыс материалдары комбинаты» АҚ, «Казмонтажавтоматикаэнергосистем» ЖШС», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, жоғарыдағы субъектілер бір ай ішінде салынған айыппұлдарды өз еріктерімен төлеуі тиіс.
«Орындамаған жағдайда, мәжбүрлеу сипатындағы шаралар қолданылады», - деді комитеттен.


Жаңалықтармен бөлісу: