Маңғыстау облысында биыл жаңадан екі мектеп пайда болады

Ақтау. 19 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында биыл жаңадан екі мектеп пайда болады, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының басшысы Зейнеп Тастемірова.
«Бүгінге жалпыбілім беретін күндізгі мектеп саны - 131.  2015 жылғы желтқсанға дейін Маңғыстау облысында 2 мектеп ашылады. Сондай-ақ 1 қыркүйекке Қарақиян ауданында апаттық мектептің орнына салынған 2 мектеп ашылады. Барлығы, жаңа оқу жылында 133 мектеп жұмыс жасайды», - деді сәрсенбі күнгі брифингте Зейнеп Тастемірова.
Ол сондай-ақ 5 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары қажеттігін, олардың 2 мектебінде жөндеу жүріп жатқанын, жаңа оқу жылына дайындығы 90% екенін атап кетті. Ағымдағы жөндеу жұмыстары облыстағы 60 мектепте жүргізіліп жатыр.
Оқушыларды оқу-әдістемелік кешендермен пән сабақтары кабинеттерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Биыл 4,5,6,7 сынып оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету 100%-ды құрайды. Оған жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген. Бүгіндері оқушыларға оқулықтарды тарату жұмыстары жүргізілуде», - деді З. Тастемірова.
Білім басқармасының болжамынша биылғы оқу жылында облыста 111 мың оқушы оқыса, олардың ішінде 15 мыңы – бірінші сынып оқушылары.

adimage