Маңғыстау облысында футбол қақпасы мектеп оқушысының басына құлады

Күні: 14:57, 30-05-2019.

Алматы. 30 мамыр. ҚазТАГ - Маңғыстау облысында футбол қақпасы мектеп оқушысының басына құлады, деп хабарлады «ИнАктау».
«Футбол қақпасы баланың басына құлап түсті (…). Оның бас сүйегі жарылып қалды. Оның өмірі үшін Маңғыстау облыстық ауруханасының нейрохирургтары барын салды. Жағдай 29 мамырда сағат шамамен 19.00-де Жетыбайда орын алды», - делінген бейсенбідегі хабарда. .
Әжесінің айтуынша, қақпа 12 жасар немересінің басына ойын барысында құлап кеткен, сосын ауыр жарақат алған баланы шұғыл түрде МОА қабылдау бөліміне жеткізген.
«Науқастың бас сүйегінің негізі сынған, сол жағындағы маңдай-шеке сүйегі сынған, жарақаттық есеңгіреу бар. Дәрігер-нейрохирургтың тексерісінен кейін баланың басына шұғыл ота жасалды. Ота 1,5 сағатқа созылды. Қазіргі таңда баланың жағдайы бір қалыпты», - деп хабарлады Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінен.


Жаңалықтармен бөлісу: