Маңғыстау облысында І санатты жұмыртқа бағасы үш айға бекітілді

Ақтау. 15 сәуір. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында І санатты жұмыртқа бағасы үш айға бекітілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауары «Тауық жұмыртқасының (І санатты) 10 данасының» бөлшек саудадағы шекті бағасы 90 күнтізбелік күнге Т453 көлемінде бекітілді», - делінген Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысында.
Бұған дейін осыған ұқсас шаралар Қазақстанның бірқатар өңірінде қабылданған еді.

adimage