Маңғыстау облысында Каспий теңізіне мұнай қалдықтарының жайылуы орын алды

Ақтау. 10 сәуір. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында Каспий теңізіне мұнай қалдықтарының жайылуы орын алды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Компаниялардың бірі кемені жағалауға шығарып жатыр, содан аздап жайылып жатқан болуы мүмкін. Біз оған назар аударуымыз керек, сондықтан біз экологтарға хабарласып, келіп, не болып жатқанын анықтаңыздар дедік. Салдары азғантай. Баяғыда батып кеткен кемені шығарып жатқанда аздап солярка ағып тұрды, сондықтан су бетінде домалақ майлар пайда болды. Су бетіне аздап жайылған», - деп мәлімдеді порт директоры Баутино Петр Казачков.
Бұған дейін ғаламторда мазуттың төгілгені туралы видео тарады. Роликке түсінік берген видео авторы мұнай өнімінің Каспий теңізінің бетінде бірнеше қабаттан тұратын қабық пайда болғанын атап өткен.
«Міне теңізде мынадай дақтар пайда болды, екі-үш қабаттан тұрады. Кеше барлық айлақты осындай лас дақ басты», - деді видео авторы.

adimage