Ақтау. 27 наурыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлады Қазақстандағы COVID-19 жағдайына арналған ресми ресурстан.
«Соңғы ақпарлар: 126 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қ. – 60; Алматы қ. – 48; Қарағанды қ. – төрт; Шымкент қ.– екі; Ақмола облысы – бір; Алматы облысы – бір; Ақтөбе облысы – бір; Атырау облысы – үш; Жамбыл облысы – үш; Павлодар облысы – бір; Солтүстік Қазақстан облысы – бір; Маңғыстау облысы – бір. Жазылғандар үшеу: Нұр-Сұлтан қ. -1, Алматы қ. – екі. Қайтыс болғандар - біреу», - делінген жұмадағы хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны 534,5 мыңға жуық, қайтыс болғандар – 24,1 мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан та табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген.
Бұған дейін Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 125 жағдай тіркелген еді. 25 наурызда екі қазақстандықтың коронавирустан жазылып шыққаны хабарланған еді. Ал 26 наурызда Нұр-Сұлтанда бір әйел коронавирус инфекциясы салдарынан көз жұмды.
Қатысты сілтемелер
-
Сейсенбі күні Қазақстанның басым өңірінде жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде19 Наурыз 2024, 08:50
-
Тоқаев Қазақстанның креативті индустрия өкілдерімен кездесті18 Наурыз 2024, 17:47
-
Түркістан облысында 30 жастағы қыз құдықтың құбырына құлап кеткен18 Наурыз 2024, 17:39
-
Тоқаев Путинді Президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады18 Наурыз 2024, 16:17