Маңғыстау облысында мұғалімдерге төленбеген еңбек демалысының қарызы Т1 млрд жуық

Күні: 13:10, 31-07-2019.

Ақтау. 31 шілде. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында мұғалімдерге төленбеген еңбек демалысының қарызы Т1 млрд жуық, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маусымда демалған мұғалімдерге барлық төлемдерін толық төледік. Бүгінгі таңда мұғалімдердің 80%-ы шілдедегі ақшаларын алды. Біз барлығы Т6,5 млрд төлеу керек болатынбыз. Енді шамамен Т1 млрд төлеуіміз керек. Оны алдағы бірнеше күн ішінде төлеуді жоспарлап отырмыз», - деп мәлімдеді өңірдегі білім басқармасынан.
Педагогтардың өздері болса, еңбек демалыстарының аяқталуға жақын қалғанына қарамастан, әлі ақшаларын толық алмағандарын айтуда.
«Біз тек аздаған бөлігін ғана алдық. Мен өзім демалысқа маусымда шықтым, маған әлі 150 мың теңге төленуі керек. Мектеп директорлары бізге жағдайды түсіндірмейді. Барлығы республикалық бюджеттен қосымша ақы түсуін күтіп отыр дейді. Бұл мазақ шығар. Еңбек демалысының толық төленбеуінен санаторийге де бара алмадым, алда жаңа оқу жылы, біздің проблемамыз, негізі, ешкімді алаңдатпайтын сияқты», - деді мұғалімдердің бірі.


Жаңалықтармен бөлісу: