Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметкерлердің жетіспеушілігінің негізгі себебі - жалақыларының төмендігі болып табылады

Ақтау. 22 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында мемқызметкерлердің жетіспеушілігінің негізгі себебі жалақыларының аздығы, деп хабарлады мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің облыстық департамент жетекшісінің міндетін атқарушы Ерлеген Меңдалиев.
«Кадрлардың жетіспеушілігінің себебі тестілеуде емес, үміткерлердің өзінде. Өңірдегі кадр тапшылығының екінші себебі жалақыларының аздығы болып табылады», - деді сәрсенбі күні Е. Меңдалиев.
Ол, мемлекеттік мекемелердегі бас маманның жалақысы шамамен Т50-70 мың екендігін мысалға келтірді.
«Өңірде бірнеше шетелдік ірі компаниялар жұмыс жасайды. Олар негізінен мұнай саласында, ал ондағы жалақы мемлекеттік қызметкерлердікінен бірнеше есеге артық. Мамандар 2-3 жыл жұмыс жасап, тәжірибе жинақтап, жалақысы жоғары жұмыстарға кетеді. Кадр тоқтаусыздығының бір себебі осында», - деді Е. Меңдалиев.
Оның айтуынша, Маңғыстау облысында 1166 мемқызметкер жұмыс атқарады. Тапшылық - 9,4%-ды құрайды. Қазір 121 бос орын бар. Бірақ, Е. Меңдалиев атап кеткендей, 170 үміткердің ішінде тестілеуден 146 адам өте алмады.
«Маңғыстау облысында мемлекеттік қызметке үміткерлердің жалпы саны тамыздан бері 170 адам болды. Олардан іріктеуден тек 24 адам ғана өте алды. Қалғандары тестілеуден өте алмады», - деді ол.
Оның айтуынша, бос тұрған әкімшілік мемлекеттік қызмет орындарына үміткер міндетті түрде компьютерден заңнаманы білетіндігіне тестілеуден өтуі тиісті.
«Қол сермеп қарап, тестілеуден өте алмайды. Тестілеуден өту үшін ҚР заңнамаларын білу керек. Өкінішке қарай үміткерлердің көбі қажет балл жинай алмайды», - деді Е. Меңдалиев.
Сонымен қатар ол, егер үміткер тестілеуден өте алмаса, келесі жолы ол қайта тестілеуді тек 3 айдан кейін тапсыра алады деді.
Және де Е. Меңдалиев биыл тамыз айында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің үш қызметкерінің қылмыстық жауапкершілікке тартылуына қатысты түсініктеме беріп кетті.
Еске салсақ, олар тестілеудің нәтижесін бұрмалағаны үшін, пара алып жатқанда, полиция қолына түсті, оларға қарсы сегіз қылмыстық іс қозғалды. Е. Меңдалиевтің айтуынша, департамент басшысы тестілеу нәтижесіне еш ықпал ете алмайды.

adimage