Маңғыстау облысында микроавтобустың қатысуымен орын алған ЖКО-да бала мен үш ересек адам зардап шекті

Күні: 11:06, 03-06-2019.

Ақтау. 3 маусым. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында микроавтобустың қатысуымен орын алған ЖКО-да бала мен үш ересек адам зардап шекті, деп хабарлады агенттік тілшісі.
ЖКО 2 мамырда шамамен 19.45-те Ақтаудан 20 шақырым жердегі Қошқар-Ата қорымы маңында болған. «ГАЗель» жолаушылар көлігі мен Geely жеңіл көлігі соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан микроавтобус аударылып кеткен.
«Бір бала мен үш ересек адам зардап шекті», - деп хабарлады жедел көмек стансасының қызметкерлері.
Дәрігерлердің екі бригадасы төрт зардап шегушіні Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізді. Олардың барлығынан жеңіл жарақат тіркелген.


Жаңалықтармен бөлісу: