Маңғыстау облысында құны Т669 тұратын 46 га астам жер мемлекетке қайтарылған

Күні: 15:43, 27-09-2018.

Алматы. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында құны Т669 заңсыз берілген 46 га астам жер мемлекетке қайтарылды, деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз қызметінен.  
«Түпқараған ауданының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасы талаптарын орындауларына талдау жүргізді.  Прокурордың қарсылығы бойынша әкімдердің 46 шешімі кері қайтарылып, кадастрлық құны Т669 млн болатын жалпы алаңы 46 712 га жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды», - делінген бейсенбіде бақылаушы орган сайтында жарияланған хабарда.  
Хабарда түсіндірілгендей, ҚР Жер кодексінің 48 бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (конкурстарда, аукциондарда) жүзеге асырылады. Алайда заңның жоғарыда аталған талаптарын бұза отырып, жергілікті атқарушы органдар аукцион өткізбестен коммерциялық мақсатқа жер берген.  


Жаңалықтармен бөлісу: