Маңғыстау облысында қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде жас жігіт көз жұмды

Алматы. 13 желтоқсан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде жас жігіт көз жұмды, деп хабарлады «Лада».
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптама тағайындалған», - деп хабарлады жұма күні өңірдегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Оқиғаның өзі 11 желтоқсанда Ақтауда әскери қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде болған.
«Қоян-қолтық ұрыстан жаттығу кезінде 1996 жылы туған жас жігіт көз жұмды», - делінген хабарда.

adimage