Маңғыстау облысында сәрсенбі күні түнде бұрқасын тұрады

Күні: 17:20, 19-02-2019.

Астана. 19 ақпан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында сәрсенбі күні түнде бұрқасын тұрады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«20 ақпанда түнде Маңғыстау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с сақталады. Ақтау қаласында 20 ақпанда түнде көктайғақ сақталады», - делінген сейсенбідегі дауылды ескертуде.
Синоптиктер дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95% деп болжауда.


Жаңалықтармен бөлісу: