Маңғыстау облысында сәрсенбіге дауылды ескерту жарияланды

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында сәрсенбіге дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 27 қарашада Маңғыстау облысының кей жерлерінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Ақтау қ.: 27 қарашада күндіз жел оңтүстік-шығыстан, күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage