Маңғыстау облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 11 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында сенбі күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«12 қазанда күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 12 қазанда күндіз найзағай күтіледі», - делінген жұма күні таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage