Маңғыстау облысында түйелер жаппай қырылды

Ақтау. 21 сәуір. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында түйелер жаппай қырылды, деп хабарлады «Лада».
«Түйелердің өлексесі кеше 20 сәуірде «Көсе» (халық арасында «Досханның атқорасы» деп аталып кеткен жер) деген жерде табылды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Мамандар малдар көктемде Каспий теңізіне батып кеткен болуы мүмкін деп санайды.
«Қатты толқын өліп қалған түйелерді жағалауға шығарып nастаған болуы керек. Қазіргі таңда аудандық әкімдік, облыстық төтенше жағдайлар департаменті және аудандық ветеринарлық станция өлген түйелердің өлексесін жою жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

adimage