Маңғыстау облысындағы жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталуы мүмкін

Ақтау. 8 қазан. ҚазТАГ - Маңғыстау облысындағы жылыту маусымы мерзімінен бұрын басталуы мүмкін, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.  

Облыстық энергетика және тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбековтың айтуынша әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлер мен кәсіпорындардың жылыту маусымына дайындығы 100% құрайды.  «МАЭК-Қазатомпром» ЖШС қазірдің өзінде қалаға  ыстық сумен бірге жылу беруді бастады.

Маңғыстау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК осы аптаның аяғында ауа температурасы төмендейді деп болжап отыр. Егер үш күн бойы орташа ауа температурасы +8 градус деңгейінде сақталса, онда жылыту маусымы 15 қазаннан бұрын басталады. Сәйкесінше, нысандарға жылу беріледі», - деп түсіндірді С.Аманбеков.  

adimage