Маңғыстау облысында қылмыстық топ мұнай ұрлаған деген күдікке ілінді

Күні: 11:28, 31-05-2019.

Ақтау. 31 мамыр. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында қылмыстық топ мұнай ұрлаған деген күдікке ілінді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Маңғыстауда мұнай ұрлығы үшін қылмыстық топ мүшелері ұсталды», - деп хабарлады Маңғыстау облысы экономикалық тергеу департаментінен (ЭТД) жұма күні.
ЭТД-да атап өткендей, әңгіме мұнайды заңсыз сатып алу, тасымалдау және Қазақстаннан тыс жерге сату жайында.
«Қазіргі таңда аталмыш іс бойынша барлық қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, бірқатар сараптама тағайындалған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына тоғытылған. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ведомстводан.


Жаңалықтармен бөлісу: