Маңғыстау облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 12 желтоқсан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«13 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қ.: 13 желтоқсанда түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage