Маңғыстау облысында жаңа оқу жылына апаттық мектептердің орнына жаңа екі мектеп ашылады

Aқтау. 22 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жаңа оқу жылына апаттық мектептердің орнына жаңа екі мектеп ашылады, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова.
«Бүгінге күндізгі мемлекеттік мектептер саны 131. 2015 жылғы желтоқсан айына дейін Маңғыстау облысында тағы екі мектеп ашылады. Сондай-ақ 1 қыркүйекте Қарақиян ауданында тағы екі мектеп ашылмақшы, олар апаттық мектептерідң орнына салынған», - деді З. Тастемірова.
Оның айтуынша, биыл Ақтауда бес мектеп және Жаңаөзенде бір мектеп күрделі жөндеуді қажет еткен. Осы мақсаттарға Т987 млн теңге қарастырылған.
«Осы мектептердің оқу жылына дайындығы 90 пайыз. Жалпы алғанда облыста 60 мектеп жөндеуді қажет еткен, олардың барлығында жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған 195 млн теңге бөлінген, нысандардың дайындығы 98%-ды құрайды. Мектептердің дайындығын тексеретін комиссиялар сол жерлерде жұмыс атқаруда, ол жұмыстарды тамыздың 25-не аяқтау жоспарлануда», - деді ол.
Сондай-ақ оның айтуынша, оқушыларды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету, пәндік кабинеттерді жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Үш аусымдық оқу пробемасы Мұнайлы және Қарақиян ауданының екі мектебінде сақталып отыр.

adimage