Маңғыстау облысында жаңа спорт кешен ашылды

Ақтау. 2 шілде. ҚазТАГ  1 шілде күні Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылында жаңа спорт кешен өз есіктерін айқара ашты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
«Астана күні» мейрамының қарсаңында біз жаңа нысанды ашып отырмыз  Таушық аулы тұрғындарының денсаулығына шүбәсіз пайдасын әкелетін және жастардың дене тәрбиесі мен спортқа деген қызығушылығын көтеруге жағымды ықпал ететін заманауи спорттық кешен», - деген облыс әкімі Алик Айдарбаевтың дәйексөздерін келтіреді баспасөз қызметі бейсенбіде таратылған хабарда.
Кешеннің 0,66 га аумақтағы жер телімде орналасқаны, құрылыстың құны Т607,2 млн-ды құрағаны нақтыланады.
Сондай-ақ ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту аясында «Ақтау-Ақшұқыр-Сайын» магистральдық су желісінің құрылысы аяқталып, Форт-Шевченко қаласында және Баутино аулында ауыз сумен қамтамасыз ету, байланыс желілерінің салынғаны хабарланады. 2015 жылы Қызылөзен аулында 50 орындық балабақшаны, Форт-Шевченкода әкімшілік ғимаратты және 60 орындық «Дарын» қосымша білім беру орталығының жатақханасын, 120 орындық жатақханасы мен 140 орындық балабақшасы бар 550 орындық орта мектепті пайдалануға беру жоспарлануда.

adimage