Маңғыстау облысында жергілікті мазмұнды дамыту бойынша Т310 млрд-ға 105 меморандум жасалған

Ақтау. 8 қыркүйек. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жергілікті мазмұнды дамыту бойынша 105 ынтымақтастық туралы меморандум жасалған, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Жаңбырбай Доспаев.  

«Биылғы жылдың 8 айында жергілікті мазмұнды дамыту бойынша жалпы 309,8 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы 105 меморандумға қол қойылды. Аталмыш меморандумдар аясында жалпы сомасы 387,2 млрд теңгеге 315 шарт жасалды. Бұл меморандумдар сомасының  92,7% құрайды», - деді Ж.Доспаев сейсенбідегі брифиингте.

Оның айтуынша, өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасы бойынша кәсіби оқыту арқылы кадрларды дайындау саласында үшжақты шартқа қол қойылды.

«Бүгінгі таңда кәсіби тұрғыдан оқыта отырып, кадрларды дайындау саласындағы ынтымақтастық туралы 15 мамандық бойынша 14 колледжбен, Маңғыстау облысының 26 кәсіпорнымен үшжақты шарт жасалды.  Ірі кәсіпорындар жанында кадрлар біліктілігін арттыру бойынша 2 оқу орталығы құрылған. Сонымен қатар ҚР үкіметінің 2014 жылдың 15 қазанындағы қаулысымен бекітілген дуалды оқыту жол картасына  6 сала бойынша кадр дайындайтын облыстың 10 колледжі кірген», - деп атап өтті Ж. Доспаев.

Сонымен қатар, ол хабарлағандай, «Бизнес-школа» жобасы аясында тренерлер тыңдаушылардың 22 тобын оқытты. Осылайша 624 адам тиісті үлгідегі сертификаттар алды, олардың 380-і ауыл тұрғындары. Оқығандар санының 534-і өз бизнестер ніашуды жоспарлап отыр.  


adimage