Маңғыстау облысында жыл басынан бері 286 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты

Ақтау. 13 қазан. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жыл басынан бері 286 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа орналасты, деп хабарлады облыс әкімінің кеңесшісі Владислав Трифонов.

«Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 392 мүмкіндігі шектеулі адам хабарласқан, оның 204-і ауылдық жер тұрғындары. Оның ішінде 286 маңғыстаулықтың жұмысқа тұрды. 63 адам тұирақты жұмыс орындарына орналасса, 37-сі әлеуметтік жұмыс орындарына, 118-і қоғамдық ақылы жұмыстарға тартылған, 17-сі жастар тәжірибесіне жіберілген, 52-сі мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында уақытша жұмыс орындарымен қамтылған.  «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағарламасының 66 қатысушысының 25-і жұмысқа орналасты. Инфрақұрылымды және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытуға 12, жеке ісін дамытуға 7 маңғыстаулық шағын несие алған», - деді В.Трифонов.

Оның айтуынша, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы қоғамдық кеңес мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін нысандардың қол жетімділігіне ай сайын мониторинг жүргізіп тұрады. Яғни олар пандустардың бар-жоғын, олардың дұрыс орнатылғанын анықтайды.
  
«Заңнамалық негіз болмағандықтан да мекемелер мен кәсіпорындардан пандустардың талаптарға сәйкес болуын талап ету қиын. Бүгінде ҚР әлеуметтік қорғау министрлігі заң жобасын әзірлеп жатыр. Қиындығы сол, ғимараттардың көпшілігі көптеген жыл бұрын салынған және оларға пандустар салу техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Қазіргі таңда пандустардың орнына көтермелі алаңдар орнату мәселесі балама ретінде қарастырылып жатыр», - деп атап өтті облыс әкімінің кеңесшісі.  

Сонымен биыл 26 әлеуметтік нысан мүмкіндігі шектеулі адамдардың қол жетіміділік талаптарына сәйкестендірілген.  
    

adimage