Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 3835 орындық 17 балабақша ашылады

Ақтау. 26 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында жыл соңына дейін 3835 орындық 17 балабақша ашылады, деп мәлім етті облыстық білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова.
«Маңғыстау облысында  мектепке дейінгі 216 мекеме жұмыс істейді, оның ішінде 167 балабақша бар, оларға 29 793 сәби барады. Жыл соңына дейін 3835 орындық 17 балабақша ашыу жоспарлануда. Олардың бесеуі Ақтауда салынады», - деді З. Тастемірова. Оның мәліметтерінше, биыл Ақтаудағы №17-ші және 32-ші балабақшаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ол мақсаттарға Т556 сомадай қаражат жаратылған. Ағымдағы жөндеумен Т99 млн сомаға 62 балабақша қамтылды. Мекемелердің дайындығы -100%, деп қадап айтты басқарма бастығы.
Бүгінге мектепке дейінгі мекемелерде 3345 маман жұмыс істейді, кадарларға қажеттілік – 271 вакансия. З. Тастемірованың айтуынша, кадрларды дайындау жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде жаңадан ашылған мектепке дейінгі мекемелер үшін де.
«Бүгіндері облыста бес колледжде «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандықтары бойынша кадрларды дайындау жүріп жатыр. Биыл 379 адам диплом алады», - деді ол.
Еске салсақ, Ақтауда ашылмақшы бес балабақшаның 560 орындық екі жаңа балабақшасы 29-шы және 33-ші ықшамауданда биылғы қыркүйек айында ашылады. Қараша айында пайдалануға әрқайсысы 280 орындық 2 балабақша  қаланың 33-ші ықшамауданында тапсырылады. Жөндеуден өткен соң 12-ші ықшамауданда орналасқан №32-ші балабақша да өз есігін айқара ашады.

adimage