Маңғыстау облысында жыл соңына дейін жолдардың 80 пайызы жөнделеді

Ақтау. 6 тамыз. ҚазТАГ – Маңғыстау облысында 2015 жыл соңына дейін автожолдардың 80 пайызы жөнделеді, деді облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастық орынбасары Тұрбек Спанов.
Облыс әкімшілігінің ресми сайтында жарияланған хабарда айтылғандай, Маңғыстау облысында 2015 жылдың соңына дейін жергілікті және республикалық маңызы бар жолдардың 80 пайыздан астамы жөндеуден өтеді. Бұл туралы бүгін Маңғыстау облысы Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары Тұрбек Спанов хабарлады.
«2-3 жыл бұрын жол желісінің көптеген бөлігі қанағаттанбайтын жағдайда болған. Сынға ұшырауы да сондықтан. Автомобиль жолдарының жөндеу мерзімдері үнемі бұзылып отырды, асфальт-бетон жамылғысы әбден тозған, күрделі және орташа жөндеу сирек өткізілді, сондықтан жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесі өте аз болды. Мысалы, «Шетпе-Бейнеу» күре жолының учаскесі болмаған деп айтуға болады, бұл басқа аймақтармен автомобиль қатынасын мүмкін емес қылдырып, аймақты республикадан шектетті», - деп хабарлады Тұрбек Спанов.
Т.Спанов тозған жолдардың нақты санын атады. Осылайша, 2012 жылғы жағдай бойынша облыстық және аудандық күре жолдарының 40 пайызының жағдайы нашар болған, ал қалған 60 пайызының жағдайы да көңіл көншітерлік емес.
2012 жылы жолдарды дамыту бюджеті 2,5 млрд. теңгені құраған. Бұл сомаға қалалық көшелерді, облыстық және аудандық күре жолдарды ұстау мен ағымдағы жөндеу жұмыстары, жобалық-сметалық құжаттарды даярлау және тұрғындардың әділ сынына ұшыраған 2-3 шақырымнан қымбат күрделі жөндеулер жүргізу кірген.

adimage