Маңғыстау облысының ауылдарында амбулатория мен мәдениет үйі салынды

Ақтау. 2 қыркүйек. ҚазТАГ – 2 қыркүйекте Маңғыстау облысының Маңғыстау ауданының Қызан аулында дәрігерлік амбулатория мен Ақшымырау аулында мәдениет сарайы ашылды, деп хабарлады Маңғыстау облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
«Қызан аулындағы дәрігерлік амбулатория 50 орынға есептелген, республикалық және облыстық бюджет есебінен 170 млн теңгеге салынды. Ақшымырау аулындағы 150 орындық мәдениет сарайы «Коммунай» мұнай компаниясының әлеуметтік жауапкершілігі аясында салынды. Осы мақсаттарға 150 млн теңге бағытталды», - делінген сәрсенбі күнгі таратылған хабарда.
«Әлемдік экономикалық дағдарыстың Қазақстан экономикасына әсеріне қарамай, біз өңір халқының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызды нысандарды салып жатырмыз», - деп айтқан, осы шараға қатысқан облыс әкімі Алик Айдарбаевтың сөзін баспасөз қызметі келтіріпті.
Сондай-ақ облыс басшысы 1 қыркүйекте Қарақиян ауданындағы Мұнайшы және Құланды ауылдарында апаттық мектептердің орнына екі мектеп, сондай-ақ «Қолжетімді баспана-2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер пайдалануға тапсырылғанын атап кетті.
«Бұл жұмыс жалғасатын болады. Ұлт денсаулығы, білімі жоғары буын тәрбиелеу, халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету, халықты рухани байыту және мәдени бос уақытын ұйымдастыру – елдің мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі тұстары», - деп атап көрсетті А. Айдарбаев.

adimage