Маңғыстау облысының барлық мектептері бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған

Ақтау. 31 тамыз. КазТАГ – Маңғыстау облысының білім беретін 312 мекемесі бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Бүгінге Маңғыстау облысының 158 мектепке дейінгі мекемесінде,  ол 73,1%-ды құрайды, 130 орта мектебінде немесе 98%-ында, 24 кәсіби техникалық білім мекемелерінде - 100%, бейнебақылау камералары орнатылған», - деді білім басқармасының бастығы Зейнеп Тастемірова. Оның айтуынша, қабылданған осы шаралар білім мекемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Балабақшалар мен мектептерде бейнебақылау камераларын қою жұмыстары биыл да жалғасады. Сондай-ақ білім басқармасының бастығы 2014-2015 оқу жылында мектептерге 9231 оқушыны тасып жеткізу ұйымдастырылған. Оның ішінде, ішкі тасымалдаумен 4138 адам және сырттан тасымалдаумен 5093 адам қамтылды. Облыста мектептері жоқ 12 ауылдық елді мекен бар (Қарақиян ауданында – 4-еу, Маңғыстау ауданында – 7, Мұнайлы ауданында – 1), олардағы оқушылар саны 388 адам.  
«Күн сайын 259 оқушыны тасымалдау - ол 67%, ұйымдастырылған, 53 оқушы мектеп жанындағы интернаттарда тұрады, 76 оқушы туыстарында тұрады», - деді З.Тастемірова.
Өңірлік басқарма мәліметтерінше, электрондық білім жүйесі (e-learning) аймақтағы 45 білім мекемесінде орнатылған. Қаржыландыру барысына қарай оны 38 оқу мекемесінде орнату жоспарланған.

adimage